28.09.2021, 16:45
Оқылды: 7

Чилиде мектеп оқушыларына вакцина салына бастады

Чили мектептерінде 6 мен 11 жас аралығындағы оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады, деп жазды Хабар24.

чч

Екпе балаларға ата-аналарының рұқсатымен ерікті түрде салынады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Шараға қытайлық Sinovac препараты таңдалды.

Айта кетейік, елде 12 мен 17 жас аралығындағы жас өспірімдердің 84 проценті індетке қарсы дәріні қабылдап үлгерді. Ал өткен айда 55 жастан асқан тұрғындарға 3-дозаны салу басталды.

Көптен бері жоспарлаған іс-шараны қолға алдық. 6 мен 11 жас аралығындағы балалар екпе қабылдай алады. Вакцина салдыру – ерікті. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді, - деді Чили Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Паула Даза.

baq.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале