Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай жуырда Орал қаласында ашық чемпионат өтті. Аталмыш жарысқа Бәйтерек, Қаратөбе, Ақжайық аудандары және Орал қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарынан 140-қа жуық спортшылар белсенді қатысты.
Теректі ауданы намысын қорғап Подстепный ауылының жас спортшылары ерекше көзге түсті. Соның ішінде «Кросс қашықтығы» бойынша А.Аманғали, А.Бекқожиев, Е.Сағынғали, А.Жеңісов, Б.Жангужиевтер жүлделі 3-орынға ие болды. Ал 2-орын А.Жеңісов, Ж.Хамзин , А.Аманғали, Ә.Мухитова, Н.Ерболатовталарға бұйырды. Жүлделі 1-орын Б.Жангужиев , Ш.Амангелдиева, А.Губашева, Д.Толеш, М.Мухитов, А.Губашевалардың қанжығаларына байланды. Сонымен қатар 3 күндік жарыстың нәтижесінде «Абсолют» жеңімпаз атанған Ш.Амангельдиева, Т.Дөнеділ, А.Губашевалар өзгелерден озық болды.
Жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша Байтерек ауданы 3-орын, Орал қаласы 2-орын, Теректі ауданы 1-орынды алды.
Спорттық ойын нәтижесі бойынша А.Губашева, Ш.Амангельдиева, Б.Жангужиев, Т.Дөнеділ, Е.Сагыналиндер 7—11 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Саябақтағы спорттық бағдарлаудан» атты Қазақстан Республикасының чемпионатына аттанады.
Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz