8.10.2021, 15:08
Оқылды: 56

Теректіліктер республикалық чемпионатқа қатысады

Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай жуырда Орал қаласында ашық чемпионат өтті. Аталмыш жарысқа Бәйтерек, Қаратөбе, Ақжайық аудандары және Орал қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарынан 140-қа жуық спортшылар белсенді қатысты.

92C3BC04-8F4E-4C64-84F2-DE6B7FDAEE86

Теректі ауданы намысын қорғап Подстепный ауылының жас спортшылары ерекше көзге түсті. Соның ішінде «Кросс қашықтығы» бойынша А.Аманғали, А.Бекқожиев, Е.Сағынғали, А.Жеңісов, Б.Жангужиевтер жүлделі 3-орынға ие болды. Ал 2-орын А.Жеңісов, Ж.Хамзин , А.Аманғали, Ә.Мухитова, Н.Ерболатовталарға бұйырды. Жүлделі 1-орын Б.Жангужиев , Ш.Амангелдиева, А.Губашева, Д.Толеш, М.Мухитов, А.Губашевалардың қанжығаларына байланды. Сонымен қатар 3 күндік жарыстың нәтижесінде «Абсолют» жеңімпаз атанған  Ш.Амангельдиева, Т.Дөнеділ, А.Губашевалар өзгелерден озық болды.

Жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша  Байтерек ауданы 3-орын, Орал қаласы 2-орын, Теректі ауданы 1-орынды алды.

9B6E1017-F586-4CCA-BF08-04BB6C363427

Спорттық ойын нәтижесі бойынша А.Губашева, Ш.Амангельдиева, Б.Жангужиев, Т.Дөнеділ, Е.Сагыналиндер  7—11 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Саябақтағы спорттық бағдарлаудан» атты Қазақстан Республикасының чемпионатына аттанады.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

 Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале