14.10.2021, 15:53
Оқылды: 60

Қазақстанда жусаннан коронавирусқа қарсы дәрі жасалуы мүмкін

Сенатор Динар Нөкетаева үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, жусаннан коронавирусқа қарсы дәрі жасауға арналған зерттеулерді қолдауды сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

23

"Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцина бар. Алайда әлем бойынша екпе алғандардың арасында вирус жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр. Сол себепті ғалымдар коронавирустың арнайы дәрісін іздеуге кірісті. Өсімдіктердің емдеу қасиетін фармацевтикалық препарат ретінде пайдалану тәжірибесі де қарастырылып отыр", - деді Нөкетаева сенаттың жалпы отырысында. Оның айтуынша, қазіргі кезде коронавирустан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында "Артесунат" препаратын қолдану мәселесін зерделеніп жатыр. Бұл – безгекке қарсы дәрі. Оны жусаннан жасайды. "Қазақстанда осы бағытты дамытуға мүмкіндік бар. Бізде емдік шөптердің түр-түрі өседі. Соның бәрін фармацевтикалық өндірісте пайдалануға болады. Мәселен оңтүстік өңір Дармина жусанының табиғи аймағы болып саналады. Оның құрамында "дарминол" атты эфир майының көп мөлшері бар. Бұл зат стафилококк, стрептококк және тағы басқа бактериялар мен вирустарға қарсы, тіпті, қабынуға қарсы күшті әсері бар", - деп атап өтті Нөкетаева.

Дереккөз: Nur.kz

Сурет: martebe.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале