15.10.2021, 9:18
Оқылды: 80

Тұмаудан тез сауығудың жолы

Күз мезгілінде иммунитеті әлсіз адамдар тұмау жұқтырып алып жатады.  Сондықтан  сіздердің назарларыңызға суық тиіп, тұмауға шалдыққан кезде тез сауығуға  көмектесетін сусындар туралы айтпақпыз.

D091C0DF-5DCF-4080-9AE0-AAB1C947F17E

Бал және лимон қосылған жылы шай. Егер сізге салқын тисе, ең алдымен 1 ас қасық бал және лимонның бір-екі бөлігін қосып, қара немесе көк шайға араластырып ішіңіз. Бірақ бал мен лимонды қайнаған суға бірден салып қоймаңыз. Сәл суытып барып араластырыңыз. Өйткені бал мен лимонды ыстық суға салсаңыз, құрамындағы пайдалы дәрумендер жойылады.

Жөке ағашының жапырақтарынан жасалған таңқурай шайы. Жөке ағашының жапырақтарын кептіріп, оған кептірілген жеміс-жидектер мен таңқурай жапырағын қосып, шай жасаңыз. Оны жарты сағатқа қалдырып, содан соң тұтыныңыз. Егер таңқурай жемісі болмаса, онда одан жасалған тосап та жарай береді.

Лимон қосылған жанжабіл (имбирь) шайы. Бұл шай түрі күз мезгілінде иммунитетіңізді нығайтып, жұмыс істеуге деген ынтаңызды  арттырады. Бір стақан ыстық суды бір ас қасық балмен араластырып, оның үстіне ұнтақталған жанжабіл тамыры мен даршынды (корица)қосыңыз. Сонымен бірге шайға үгітілген жалбыз жапырақтарын қоссаңыз да болады.

Сарымсақ қосылған сүт. Бұл қоспа сізді бір күннің ішінде аяғыңыздан тік тұрғызады. Ол үшін жылы сүтке 10 тамшы сарымсақ шырынын тамызып, жатар алдында ішіңіз.

Минералды су қосылған ыстық сүт. Егер сізде жөтел басталса, ыстық сүтке минералды су (Боржоми) қосып, тұтынып көріңіз. Бұл сусын қақырықты түсіруге көмектеседі.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале