20.10.2021, 9:25
Оқылды: 37

QazVac қазақстандық вакцинасының 3 негізгі артықшылығы аталды

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі Нурика Асанжанова коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 3 негізгі артықшылығын атады.

211020012418607a3851093i

«Біріншіден, вакцинаны сақтау талаптары қарапайым. Кәдімгі тоңазытқыштар. Тасымалдау және сақтау кезінде ұстап тұру қиын болатын минус 20, не минус 70 градуста қатырудың қажеті жоқ. Екіншіден, вакцина – қауіпсіз. Себебі ол инактивтендірілген, басқаша айтқанда «өлтірілген». Және үшіншіден, тиімділігі жоғары. Өзге технологиялармен салыстыратын болсақ, біздің вакцина тұтас вирустан жасалады. Қарапайым тілмен айтсақ, вакциналанған ағзаға вирус енген жағдайда, антиденелер алдын ала сақ тұрады. Сырқаттармен тиімді күресуге мүмкіндік беретін иммунологиялық жады іске қосылады», - деді Нурика Асанжанова «20:21» жобасының эфирінде.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале