Бүгін Теректі ауданында өткен "Ақ бата" сайысында ауданымыздың намысын қорғаған тереңкөлдік Айтжан Ашихов I орынды жеңіп алды.
"Бірлік" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен облыстық байқауға 7 ауданнан батагөй қария қатысып, бақ сынасты. Күні кеше аудандық "Аталы ел - баталы ел" байқауының жеңімпазы Айтжан Ашихов облыста да жеңімпаз танылды.
Байқаудың қазылар алқасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев Айтжан Ашиховтың берген батасына ерекше ықылас танытып, ризашылығын білдіріпті.
Әсем Халиуллина,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz