20.10.2021, 17:48
Оқылды: 60

Батагөй ақсақал жүлдемен оралды

Бүгін Теректі ауданында өткен "Ақ бата" сайысында ауданымыздың намысын қорғаған тереңкөлдік Айтжан Ашихов I орынды жеңіп алды.

IMG_4726-20-10-21-04-13

"Бірлік" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен облыстық байқауға  7 ауданнан батагөй қария қатысып, бақ сынасты. Күні кеше аудандық "Аталы ел - баталы ел" байқауының жеңімпазы Айтжан Ашихов облыста да жеңімпаз танылды.

IMG_4724-20-10-21-04-13

Байқаудың қазылар алқасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев Айтжан Ашиховтың берген батасына ерекше ықылас танытып, ризашылығын білдіріпті.

 

Әсем Халиуллина,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале