21.10.2021, 15:10
Оқылды: 70

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттелмек

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, коронавирус жұқтырып, амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан қазақстандықтар өз-өзін оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі. Тиісті құжат ДСМ СЭБК ресми сайтында жарияланды.

3

Құжатта коронавируспен ауырып, үйде ем қабылдап жатқан науқастар, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болып, үй карантинінде отырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимінің қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат беруге міндеттелетіні айтылады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1844 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 923 060-қа жетіп отыр. Өткен тәулікте 1984 адам дерттен жазылып шыққан.

Дереккөз: nur.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале