Бүгін аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Бюро отырысын "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарын және аудандық филиалдың конференциясын өткізуге кесте бекіту туралы мәселе қаралды.
Бюро отырысының қаулы жобасын "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азамат Тағаниязов таныстырып, Саяси кеңес Бюросының мүшелері тарапынан бір ауыздан қолдау тапты.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz