Оралдағы ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің клубында Батыс Қазақстан облысы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Кусайнов Батырбек әскери қызметкерлермен кездесіп, «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында ақпараттандыру сағатын өткізді.
Шараның басты мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу және әскердегі жастардың діни сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Батырбек Кусайнов әскери қызметшілерге дін ағымындағы ерекшеліктер туралы және ағымдардың бөлінуі, дәстүрлі емес ағым жолына түсіп кеткен жастарды анықтау белгілеріне тоқталды.
- Сіздер экстремизм мен терроризм сияқты зұлымдықтардан қорғауда біздің еліміздің қорғанысының бірінші шебіндесіЗер. Осы бағыттағы жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін бізде идеологиялық жұмыстар жүргізуіміз керек. Халықты исламның қарапайым заңдары туралы мұқият хабардар ету біздің идеологиялық науқанымыздың бөлігі болып табылады. Өкінішке орай, исламнан терроризм мен экстремизмнің белгісін алып тастау мүмкін емес. Егер біз халыққа, оның ішінде әскери қызметшілерге дін туралы дұрыс ақпарат бермесек, онда сырттан келген радикалдар өз дегендеріне оңай қол жеткізіп, білгендерін істей алады, - деді Батырбек Дускалиұлы.
Сондай-ақ, теолог маман әскери қызметшілерді өз елінің патриоты болуға, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және әскери ортаға діни экстремизм идеяларының енуін болдырмау үшін қырағылық танытуға шақырды және дінге, діни қызмет туралы заңға байланысты әскерилерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Подполковник Ерболат Сұлтанов