19.03.2015, 9:48
Оқылды: 32

Кәнігі ұры ұсталды

image33382994


Батысқазақстандық сақшылар Орал қаласында аутомобильдердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жымқыруды кәсіп еткен 30 жасар тұрғынды қолға түсірді.


БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, аталған кәнігі ұры өткен айда сегіз мәрте осындай қылмысқа барған. Ол түнгі уақытта қаңтарулы тұрған «темір тұлпарлардан» сыпырып алған нөмірлерді сыйақыға қайтаруды мақсат еткен. Бұған аутокөлік иелерінің өз көліктерін қараусыз қалдыруы да себепші болған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді.


Елжан ЕРАЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале