17.11.2021, 14:50
Оқылды: 83

Түркия төрт елмен әуе қатынасын тоқтатты

Түркия  бүгіннен бастап Бразилия, Оңтүстік Африка, Непал және Шри- Ланкамен арадағы әуе қатынасын тоқтатты, деп хабарлады «Хабар 24».

0003078603a9b27ecff7265e94bb6826

Себеп – коронавирустың сырттан келетін жаңа түрлерінен қорғану. Ал мұндағы мешіттерде сақтық ережелері бір жарым жылдан бері енді ғана жеңілдетілді. Бұдан былай намаз оқығанда ара қашықтық сақтаудың қажеті жоқ. Бұл туралы елдегі Дін істері басқармасы мәлімдеді. Алайда бетперде кию шарт.

Түркияда қазірге дейін 108 миллион доза екпе салынған. 18 жастан асқан тұрғындардың 80 проценті вакцина алды. Мұнда  covid-19-ға қарсы Pfizer / BioNTech мен қытайлық Sinovac перпараты қолданылады. Түркиялық дәрігер Ифтихар Көксалдың айтуынша, екпе салдырмаудың кесірі ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға кедергі болып тұр. Ал қауіпті індетке ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жалпы халықтың 80 проценті вакцина салдыруы тиіс.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале