Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті.
Атап айтқанда: - Түркістан қаласынан 11 бағытта; - Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта; - Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер. Бұл бағыттарда билет құны 8 - 25 мың теңге аралығында тұрады. Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.
ҚазАқпарат