26.11.2021, 14:30
Оқылды: 65

5-6 сыныптар арасында республикалық олимпиаданың екінші қалалық кезеңі өтті

Бүгін, 26 қараша күні Оралда жалпы білім беретін пәндерден 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші – қалалық кезеңі өтті. Оған 535 оқушы қатысты. Олимпиада  қаладағы №4 ЖОжҚББМ базасында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ұйымдастырылды. Бұған дейін, 12 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасында мектепішілік олимпиада өткізіліп, оған 2769 оқушы қатысқан болатын.

WhatsApp Image 2021-11-26 at 13.09.26

Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың тұтас жүйесін қалыптастыру, жеке пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан Орал қаласы білім беру бөліміне қарасты мектеп оқушыларын ынталандыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, тарих пәндері бойынша оқушылардың білімі сынға салынып, үздіктері анықталды. Аталған пәндер бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама беріледі. Сонымен қатар жүлделі бірінші, екінші, үшінші орын иегерлері Орал қаласы білім беру бөлімінің дипломымен, жақсы білім нәтижесін көрсеткендер алғысхатпен марапатталады.

WhatsApp Image 2021-11-26 at 13.09.24

Айта кетсек, 5-6 сыныптар үшін олимпиада өткен жылдан бастап енгізілді. Былтыр онлайн ұйымдастырылған болса, биыл алғаш рет оффлайн форматта өткізіліп отыр. Десек те, оқушыларымыз олимпиада тапсырмаларын ыждағаттылықпен, тиісті деңгейде орындап шықты.

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале