Қазнет қолданушылары адамдарды «Спутник-V» вакцинасымен вакцинациялау заңсыз, себебі препаратты ҚР аумағында тіркеу осы жылдың 15 қазанында аяқталды деген ақпарат таратуда. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Вакцинаны тіркеу мерзімінің өткендігі туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
«ҚР ДСМ МжФБК бұйрығына сәйкес, SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған құрамдастырылған векторлық вакцина – Гам-КОВИД-Вак вакцинасына берілген уақытша тіркеу куәлігі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды», – деп хабарлады ведомстводан.
Демек, қазақстандықтардың бұл вакцинамен егілуі заңды. Естеріңізге сала кетейік, препарат клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық қажетті кезеңдерінен өтті және COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз құралы болып табылады.
Яғни, Қазақстанда «Спутник-V» тіркеу мерзімі аяқталғаны туралы ақпарат фейк болып табылады.