29.11.2021, 16:30
Оқылды: 56

Раздольное ауылында волейболдан ашық турнир өтті

Бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Раздольное ауылында волейболдан ашық турнир өтті. 

38

"NUR OTAN" БПҰ-ның жылдық жоспарына сай  ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен оздырылған бәйгеге жергілікті және басқа ауылдық округтерінен келген командалар қатысты. Жарысқа "Достық" және "Владимирское" шаруа қожалықтары демеушілік етті.

Әуе доп бәсекесінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауыл әкімі Жалғас Жиенғалиев жиналған қауымды айтулы мерекелермен құттықтап, спорттық шараның өтуіне үлесін қосқан әр адамның еңбегін жоғары екенін атап өтті. Кейін, сөз алған "Достық" шаруа қожалығының басшысы Владимир Шевчук қатысушыларға сәттілік тілеп, жиналғандарға ақ жарма тілегін жеткізді.

36

Ойындар қызу әрі тартысқа толы болды. Жүзден жүйрік шығу үшін командалар барын салып, керемет ойын өрнегін көрсетті.

Нәтижесінде, Новенький ауылы командасы өзгелерді шаң қаптырып жеңімпаз атанса, дарияндық волейболшылар екінші, жергілікті Раздольное жастарының құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

34

Жарыс жеңімпазы мен үздік ойыншылар дипломдар мен арнайы әзірленген естелік сыйлықтармен марапатталды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале