30.11.2021, 15:00
Оқылды: 68

Батыс Қазақстанда 31,7 млрд теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында биыл 31,7 млрд теңгеге 78 км республикалық, 175 км жергілікті маңызы бар және елді мекендер көшелерін (71 км) жөндеу жұмыстарын бітіру көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

42

БҚО жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдар Меңеевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, қазіргі таңда осы жұмыстардың 80 пайызы (300 км) орындалып отыр.

Сондай-ақ республикалық Атырау-Орал автожолын қайта құру жобасы әзірленуде. Оған қоса республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы (0-144 км) автожолын қайта құру жобасын қаржыландыру мәселесі пысықталуда.

А.Меңеевтің сөзіне қарағанда, Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында республикалық маңызы бар, жалпы ұзындығы 245 км Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын жолдарын жөндеу жалғасуда. 2021 жылға жоспарланған 58 шақырымның 42 шақырымы жөнделді.

«Бүгінде өңірдегі жолдардың жалпы ұзындығы 6 496,7 км болса, соның 1414 километрі – республикалық, 5082,7 километрі – жергілікті жолдар. Ал еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы бұл көрсеткіш 5 мың километрден сәл асатын. Тәуелсіздік жылдарында шамамен 1200 км автомобиль жолдары салынып, қайта жаңғыртудан өтті», деді А.Меңеев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале