Ағамыз Ахметкерей Чапаев әскери комиссариатынан 1943 жылы әскерге алынды. Орынбор қаласында жаттығу дайындығының екі айлығынан өтті. Соғыстың қызған уақытында Смоленск-Псков бағытындағы шайқасқа қатысты. Сол шайқаста жау ұшағының бомбасынан басына жарықшақ тиіп, жарақат алды. Смоленск әскери ауруханасында басына ота жасалды. 1944 жылы әскери комиссариаттың және дәрігерлердің шешімімен Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі болып елге оралды. Отырғанда басының миы бүлкілдеп тұратын еді жарықтық ағамыздың. Ол 2000 жылы дүние салды, Орал қаласының зиратына жерленген. Жалпы, соғыстан соң, ол елге келгеннен кейін Чапаев ұжымшарында бригадир, агроном болып, күндіз-түні еңбек етті. Біз, інілері, сол кісіден тәрбие алдық. 1956 жылы ұжымшарда бітік егін шығып, Мәскеу қаласындағы халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне барып келді. 1957 жылы да бітік егін шығып, екінші ағам Сырымгерей де сол көрмеге барды, көп жыл Чапаев ауданының шаруашылықтарын басқарды.
Кезінде соғыс кімді жылатпады, кімді жесір етпеді, оның бетін әрі қылсын! Кейінгі жастар білім-парасатымен елдің тыныштығын сақтай жүрсін!