Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Мерей ауылында Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетов тұрғындармен кездесті. Кездесуге ауыл тұрғындары, ақсақалдар, аудандық мекеме және ұйым басшылары қатысты.
Мерейліктердің 96,4 пайызында жеке қосалқы шаруашылықтары бар. Мал басының санында өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалуда. Былтырғы жыл округте 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылып, кооперативке 400 астам аналық бас тіркеп жұмыстарын бастаған.
Он сегіз бас асыл тұқымды бұқа кіргізген. Биылғы жылы мемлекеттен субсидия алуға үміттеніп отыр. Тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысу дейгеңі жоғары. Атап өтсек, 3 тұрғын 9 млн 280 мың теңге көлемінде несиеге қол жеткізіп мал басын асылдандыру және көбейту бағытында жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, мерейліктер 7 млн 584 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, кәсіптерін ашып қосымша табыс табуда. Мысалы Мерей ауылының тұрғындары Тоқжанов Абат және Долгов Денис, Айнабұлақ ауылының тұрғыны Аяпбергенова Айгүл бау-бақша егуді кәсіп қылып, өнімдерін алған. Бұл туралы Мерей ауылдық округ әкімі Орынбек Насимуллин баяндап, сөз соңында алдағы жоспарларына тоқталды.
«Мерей ауылы ауданымыздың бетке ұстар ауылдырының бірі. Халық саны жағынан да үлкен округтердің бірі. Қазір кезде жол мәселесі де біртіндеп шешілді. Мерей ауылының орналасуы, инфрақұрылымының, шаруашылықтардың дамуы, тұрғындардың өз кәсіптерін біртіндеп ашулары көзге тәнті Менің ұсынысым Мерей ауылын облысымыздағы үлгілі ауылдардың бірі ету. Сіздерге осындай ұсыныс тастаймын. Осы бағытта жұмыстар жүргізетін боламыз,-деді округ әкімі Орынбек Насимуллин.
Аудан әкімі мен мекеме және ұйым басшылары жеке қабылдау өткізді. Ауылда ауыл шаруашылығын, мал шаруашылығын, АӨК-н одан әрі дамыту қажет. Кәсіпкерлікті де дұрыс жолға қою керек. Халыққа кеңнен таратуымыз қажет. Өздеріңізге белгілі мемлекет тарапынан қолдаулар бар. Осындай жиналыстарға кеңінен қатысуларыңызды сұраймын. Жиын барысында қойылған сұрақтардың шешімін тауып қарау керек. Бүгінгі жиынның мақсаты сіздермен танысу және өзекті мәселелерді анықтау. Жиын қорытындысында жұмыстардың бағытын анықтайтын боламыз. Алдағы жоспарымызға осы жұмыстарды енгізіп, жобаларды дайындау және қаражат бөлу мәселесін қарастыратын боламыз. Өз ұсыныстарыңызды және мәселелеріңізді осы жерде және жиын соңынан кейін қабылдауда айтсаңыздар болады», - деді жиын барысында сөз алған аудан басшысы Бауыржан Есқайырұлы.
Қазіргі кезде округ тұрғындарын ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мал жайылымы, «Айгөлек» бөбекжайын күрделі жөндеу, ауыл ішілік және елді мекендерге қатынайтын жолдарды жөндеу, электр желілерінің тозуы және байланыс мәселелері толғандырып жүр.
Жиынға қатысқан Тасқала аудандық мекеме басшылары кейбір мәселелер бойынша тұрғындарға сәйкес ақпараттарын берген болса, Бауыржан Есқайырұлы жиында көтерілген өзекті мәселелер бойынша тисті мекеме басшыларына қажетті шараларды қабылдау туралы тапсырмаларды жүктеді. Ауыл тұрғындарымен кездесу аяқталған соң аудан әкімі мен мекеме және ұйым басшылары жеке қабылдау өткізді.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы