10.12.2021, 17:00
Оқылды: 73

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: БҚО-да барлық аудандар спорт кешендерімен қамтылмақшы

Батыс Қазақстан облысында барлық аудандар спорт кешендерімен қамтылмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау, «100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені» жобасын жүзеге асыру мақсатында биыл «ҚПО б.в.» компаниясы есебінен Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Теректі аудандары мен Орал қаласында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін Шыңғырлау ауданында тағы бір кешен іске қосылмақшы.

Ақжайық, Казталов және Тасқала ауданында құрылысы жүріп жатқан 3 спорт кешенін алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында салып бітіру көзделуде. Оған қоса 2022 жылы Ақжайық ауданының Тайпақ, Бәйтеректің Дариян және Сырымның Бұлдырты ауылдарында дене шынықтыру-спорт кешендерінің құрылысы басталмақшы.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 2013 жылдан бері барлығы 14 спорт кешені бой көтерді. Мұның сыртында кәсіпкерлер өз қаражатына 10 спорт нысанын салды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыста денесін шынықтырып, спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 232 860 адамға жетті. Бұл – облыс халқының 35 пайызы.

Өңірде спортпен айналысушылар саны 1991 жылмен салыстырғанда, 180 516 адамға өсті (1991 жылы – 52 344 адам).

БҚО спортшылары 2021 жылы түрлі жарыстарда 931 медаль (314 – алтын, 275 – күміс, 342 – қола) жеңіп алды.

Өңір тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында 1 757 спорттық құрылым жұмыс жасайды.

Тәуелсіздік жылдары ішінде облыста көптеген спорт нысандары салынды, соның ішінде 1 мұз айдынды спорт сарайы, 26 спорттық кешен, 4 жүзу бассейні, 10 хоккей қорабы, 1 теннис орталығы, 16 теннис корты және 100-ден астам спорттық алаңды айтуға болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале