19.12.2021, 17:00
Оқылды: 42

Германия Ұлыбританияны COVID-19 мутациясының таралу аймағы деп жариялады

Роберт Кох институты (Германия Денсаулық сақтау министрлігіне бағынады) Германия дүйсенбі, 20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияны COVID мутациясының таралу аймақтарына жатқызатынын мәлімдеді.

FD5F2942-6F81-48EA-A788-9C69F6B36F23

Институттың мәліметінше, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігін, Ұлыбританияның барлық аумағын вирустық мутация кең таралған аймақтарға жатқызу 20 желтоқсан күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Осы аумақтан келгендер Германияда 14 күндік карантиннен өтеді. Бұл талап коронавирусқа қарсы екпе алғандарға және COVID-19-дан айыққандарға да қатысты. Карантин мерзімін қысқарту мүмкін емес.

Қазір Кох институты жасаған мутацияның таралуы байқалған елдердің тізімінде Ботсвана, Эсватини, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Оңтүстік Африка және Зимбабве бар. Тізім 3 қаңтарға дейін өзекті, содан кейін оны өзгертуге болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале