19.12.2021, 17:20
Оқылды: 36

Коронавирус кезінде өз бетінше емделуге бола ма? Дәрігер жауабы

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасында коронавируспен ауырған науқастар өз бетінше емделуге болмайтынын айтты.

4BA9507B-BCCB-48F9-8C37-136402D43804

"COVID бір емес бірнеше ауру тудыратын, өлім белгілері бар вирустық инфекция", - деп түсіндірді дәрігер.

Ол жіті респираторлық инфекциялары бар COVID-19 науқастарына кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау дұрыс емес деді.

Мысалы, пневмония болмаған жағдайда қан сұйылтқыштарды қабылдауға болмайды. Бұл дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау, ми қан айналымының бұзылуына және асқазан-ішек жолдарынан қан кетуге әкелетінін айтты.

Сондай-ақ маман стероидты гормондармен өзін-өзі емдеу дұрыс еместігін ескертті. Оның пікірінше, олар тек интубацияланған науқастарға арналған.

Мясников "көп оқып, көп естігендіктен" өз-өзіне ем тағайындамау керек деген тұжырым жасаған. Оның пікірінше, вакцина арқылы вирустың алдын алған дұрыс.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале