Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті көрсету үшін eGov mobile-да авторизацияланған пайдаланушыға "цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет.
Әуежайдағы тіркеу аймағында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-кодты смартфон экраны арқылы көрсету қажет.
Ішкі рейстерде сандық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі министрліктердің, авиациялық әкімшіліктің, әуе компаниялар мен әуежайлардың жүйелерін біріктіру арқылы пайда болды.
stan.kz