Жәнібек ауданында коронавирус сынамасын тексеретін жылжымалы зертхана өз жұмысын бастайды. Еліміздің бірнеше өңірінде осындай кешен жұмыс жасауда. Тіркемелі КамАЗ көлігінде орналасқан зертхана Жәнібек ауданына бүгін жетті.
- Алдағы демалыс күндері Орал қаласынан арнайы мамандар келіп, жергілікті зертханашыларға оқыту курсын өткізу жоспарланды. Жылжымалы нысан бір тәулікте бірнеше зертханалық тексеріс жүргізеді. Бұл аудан тұрғындарына қауіпті індетті жедел анықтауға мүмкіндік береді. Зертхана А. Иманов көшесі, №167 ғимараттағы сараптама орталығы маңында тұр. Кешеннің іші жұмыс істеуге қолайлы етіп жабдықталған. Зертханалық тексеріс ақылы түрде жасалады. Зертхананың өзіміздің ауданда болуы ең бірінші халыққа тиімді, - дейді Жәнібек аудандық сараптама орталығының басшысы Асылхан Әлібеков.
Айта кету керек, осыған дейін аудан тұрғындары ПТР сынамасын Казталов ауданына барып тапсыратын.
Гүләсем Қуан,
Жәнібек ауданы