23.12.2021, 14:29
Оқылды: 33

Алматыда коронавирустың «дельта плюс» штамы анықталды

Мегаполисте коронавирустың «дельта плюс» штамы табылды. Бұл туралы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы екі айда COVID-19 науқастарының белгілері өзгерген.

Егер қыркүйекте диарея синдромы басым болса, қараша-желтоқсанда - нейротоксикалық белгілер анықталуда. Сонымен қатар, жансақтау бөіліміне науқастар көп түсіп жатыр. Дәрігерлер жаңа штамм бар деп күдіктене бастады.

«Бүгін біз соңғы зертханалық тексерудің нәтижелерін алдық. Желтоқсан айының басында біз 84 үлгіні секвенирлеуге жібердік. «Дельта плюс» алты үлгіде анықталды. Бұрын ол біздің қалада жоқ еді. Енді біз тек айналымды анықтадық, оның нақты қанша екенін кейінірек білетін боламыз. Тексеру жүргізіледі»,- деді ол.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 2021 жылдың маусым айында «дельта плюс» жаңа штамның пайда болғанын еске салды.

ДДҰ мәліметінше, бұл штамм бастапқы коронавирусқа қарағанда екі есе жұқпалы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале