27 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 459 231 адам коронавирус вакцинасын толық салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда корнавирус вакцинасының I компоненттін 8 947 986 адам, II компоненттін 8 459 231 адам салдырды», делінген хабарламада.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша 26 желтоқсандағы ақпаратқа сәйкес, Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 288 049 адам, ІІ-ші дозасын 99 482 адам салдырды.
Оның ішінде:
І-ші компонентін 230 986 жасөспірім, 16 483 жүкті әйел, 40 562 бала емізетін әйел алды.
ІІ-ші компанентін 80 176 жасөспірім, 5 451 жүкті әйел, 13 853 562 бала емізетін әйел алды.