4.01.2022, 12:20
Оқылды: 40

Ардагерді құттықтады

Жаңа жыл мерекесіне орай Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ивановна Макиевскаяның үйіне арнайы барып, ақжарма тілегін білдіріп, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хаты мен жаңажылдық сыйлық табыс етті.

B33F8702-43A8-44BC-9E10-652AD9E9D47B
Өңір басшысының көрсеткен сый-құрметіне ризашылығын білдірген Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ивановна ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.
-Еліміздің ынтымағы артып, бірлігі бекем болсын. Жаңа 2022 жыл абыройлы жеңістерге бастасын. Тек жақсылық алып келер жыл болсын, – деді ардагер Татьяна Макиевская.
Айта кетейік, қаңтардың 15-і күні Татьяна Ивановна 100 жасқа толады.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале