12.01.2022, 10:20
Оқылды: 42

Қазақстан өзімізге ғана керек

- Елімізде болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бейбіт шерудің арты осындай жағдайға ұласып кетуі, бұл әрине сол жердегі түрлі көзқарастағы адамдардың лаң салып, халыққа билікті жаман етіп көрсету үшін жасалған шара деп түсінемін.

InShot_20220112_074326898

Жалпы, мұндай қирату оқиғаларын мен құптамаймын. Елімізге ең бірінші қажеттілік – тыныштық. Осындай қиын-қыстау кезде еліміздің заңды түрде сайланған Президенті Қ.Тоқаевтың маңына топтасып, қабылдап жатқан шараларын халық, ел болып қолдау керек деп есептеймін. Сондай-ақ террористердің іс-әрекеттері әрине, кешірілмейтін күнә. Сол террористердің кесірінен қан төгіліп, бейбіт тұрғындар, қаншама әскери полиция қызметкерлері жарақат алды, көз жұмды. Бұның барлығы біздің еліміз үшін қажет емес нәрсе болатын. Бейбіт шеру болғандықтан бейбіт түрде аяқталу керек еді. Алайда әртүрлі топтар осыны сәтті пайдаланып кетті деп айтуға болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үндеулерін жасап жатыр. Әрине, қабылдап жатқан шараны халқымыз қолдайды деп есептеймін. Бізге қазіргі уақытта террористер мен экстремистерден елімізді тазартып, қайтадан бұрынғыдай мамыражай тіршілікке оралу үшін бәріміз тек бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбірлік танытып, елдің тыныштығын ойлауымыз керек. Әлеуметтік желілерде неше түрлі пікірлер болып жатыр. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да бар. Бірақ елдің арасына іріткі салатындай жағдай орын алмау керек. Қиратылған ғимараттар мен мүліктердің орнын келтіру үшін тек қана соған жұмыс жасауымыз керек. 11 қаңтар күні Мемлекет басшысы Парламенттің бірлескен отырысында елдің Үкіметін тағайындап, саяси және экономикалық реформалар жөнінде халыққа Үндеу тастап, өзінің бағдарламасын жария етті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса аталмыш реформалар сәтті жүзеге асады деп ойлаймын. Қазіргі таңда халық арасында шетел әскерлерін кіргізгені жөнінде түрлі пікірлер айтылуда. Еліміздегі жағдайға байланысты қиын-қыстау кезде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) әскері көмек мақсатында келгендігін және еліміз тынышталып, тұрақталған соң шығарылатынын қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Президенттің баспасөз қызметі де айтқан болатын. Әрине, ол біздің елде қалмайды, шығарылатыны белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы өзінің жарғысы мен ережесіне сәйкес әрекет етіп жатыр. Елдің басына түскен қайғы-қасіретті бөлісіп отыруымыз керек. Көп адамдарымыз жапа шекті. Мұның бәрі елдің еңсесін түсірді. Елдің экономикасына да үлкен шығындар келді. Халқымыз ауызбіршілікте болса бұл шығындардың барлығының орны қайтадан толады деп есептеймін.

Ақан Қапанов, 

Жаңақала ауылының әкімі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале