Мемлекет басшысының қиын-қыстау кезінде салқындық танытып, ширақ әрекет етуі ел ішінде зор қолдау тапты. Осы тығырықтан шығып, алға қарай қадам басуымыз керек дегені де халықтың көңілінен шықты.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың басшысының болашаққа бағыштап жасаған үндеуінен еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси сипаттағы өзгерістер болады деп жорамалдадық. Бүкіл ел болып, қаңтардың 11-ін күттік. Жаңа үкімет басшысының кандидатурасын ұсынып, бір ауыздан Мәжіліс қолдау білдірген соң, Президентіміз жаңа Үкімет алдына халық күткендей үлкен мақсаттар мен тапсырмалардықойды. Аталған тапсырмаларды бәріміз де естідік, оның ішінде шешімін таппай қордаланып қалған бірталай мәселелер бар.
Президенттің тапсырмаларын іске асыратын Үкіметтің жаңа құрамы да белгілі болды. Әрине Президент үкімет мүшелерінің әрбіреуінің кандидатурасын саралап таңдап алып, өзі белгілеп берген тапсырмаларды орындайтынына сенді деп ойлаймын.
Үкіметтің бұл құрамыныңқарқынды әрекет етуіне толық мүмкіндік бар. Оның үстіне Премьер-министрдің қасында деп атауға болатын Б.Сұлтанов, Е.Тоқжанов сияқты тәжірибелі кадрларды көрдік. Ендігі жерде Президенттің нақты тапсырмаларының орындалуы – Үкіметке сын!
Мәди Габдулов,
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты