13.01.2022, 20:42
Оқылды: 47

 Президент тапсырмаларының кешенді орындалуын жергілікті билік назардан қалдырмауы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында  саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша сөз сөйледі. Үкімет алдындағы жаңа міндеттер мен реформаларды іске асыру шараларын белгіледі.

B42DE7AE-9995-4E49-974C-2507B3469671

Атап айтқанда, еліміздің Қарулы күштерінің, құқық қорғау және ұлттық қауіпсіздік, сыртқы барлау органдарының жұмысын қайта құрылымдау мәселесін көтерді. Шекара қызметін күшейту, заңды талаптарға бағынбағаны үшін жауапкершілікті қатайтуға маңыз берді. Сонымен бірге экономикалық, әлеуметтік бағыттағы  проблемаларды шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік қор құру, екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру  жөніндегі бағдарлама қабылдау, субсидиялау тәсілдерін қарастыру мәселелерін көтерді.

Жаңа Премьер-Министр Әлихан Смайылов басшылығындағы Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жауапты болады. Халықтың өмір сүруі мен әл-ауқатын одан ары жақсартудағы Президент тапсырмаларының кешенді орындалуын жергілікті билік те назардан қалдырмауы тиіс.

Кешегі өткен оқиғаны елмен бірге еңсеріп, жаңарған елдің дамуына бірлесе  атсалысайық!

Әзима Ғұбашева,

Мұстақым Ықсанов атындағы №36 мектеп директоры, қалалық мәслихат депутаты,

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале