Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 07.57-де Атырау-Орал жолының 238-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болды.
Тайпақ пен Алмалы ауылдарының арасында, өрт сөндіру бекетінен 18 шақырым жерде мал азығы тиелген тіркемесі бар «КамАЗ» мен «Тойота Камри» автокөлігі бетпе-бет соқтығысқан.
Соның салдарынан жеңіл көлік түгелдей өртеніп кетті. «КамАЗ» жүк көлігінің кабинасы да жанды. Жеңіл көліктен 5 адамның мүрдесі шығарылды.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ТЖ алынғанымен, блокпостар жұмысын жалғастырып жатқанын жазған болатынбыз.