14.01.2022, 11:40
Оқылды: 324

Батыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 07.57-де Атырау-Орал жолының 238-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болды.

Тайпақ пен Алмалы ауылдарының арасында, өрт сөндіру бекетінен 18 шақырым жерде мал азығы тиелген тіркемесі бар «КамАЗ» мен «Тойота Камри» автокөлігі бетпе-бет соқтығысқан.

Соның салдарынан жеңіл көлік түгелдей өртеніп кетті. «КамАЗ» жүк көлігінің кабинасы да жанды. Жеңіл көліктен 5 адамның мүрдесі шығарылды.

12

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ТЖ алынғанымен, блокпостар жұмысын жалғастырып жатқанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале