18.01.2022, 12:00
Оқылды: 47

Әлеуметтік төлемдерде ілгерілеу бар ма?

Елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында реформалар ұдайы жүргізіліп келеді. Соның ішінде зейнеткерлер мен әлеуметтік көмек алатындардың табысын да жыл сайын арттыру көзделген. Былайша айтқанда, инфляцияға байланысты бұл бағыттағы халықты қорғау мақсатымен түрлі индексациялау жұмысы жүргізілетіні барша жұртшылыққа аян. Оқырманға түсінікті болуы үшін 2022 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің өсуіне байланысты Казталов аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Еділ Елемесовті әңгімеге тарттық.

DF4E7178-45B1-410C-992C-8F9E72D505ED

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Казталов аудандық бөлімі 2021 жылдың желтоқсан айында қайта есептеу жұмысын аяқтап, жылдың басынан алушылар жана мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақыларын алады.

2022 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №25-VI қаулысына сәйкес, зейнетақы мөлшері жеті пайызға өсті. Базалық зейнетақы төлемі биылғы қаңтардан бастап 19 450 теңгені құрады. Казталов ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтарына зейнетақы алушылар саны – 3395 адам. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – 715, арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – 380, көпбалалы отбасы саны – 854.

2022 жылы ең көп зейнетақы мөлшері 105 674 теңгемен шектелсе, айлық есептік көрсеткіш – 3063*46= 140 898 теңге, соның 0,75 пайызы (еңбек өтілі 35/40жыл 01.01.1998 жылға), 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен зейнетақы мөлшері – 46 302,00 теңге, базалық зейнетақы – 19450,00 теңге, барлығы 65 752,00 теңгені құрады. Айлық есептік көрсеткіш 3063,00 теңге өскен. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері төлем түріне байланысты төмендегі соманы құрады:

асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы мөлшері асырауындағы 1 балаға – 30976 теңге, 2 балаға – 53 667 теңге, 3 балаға – 66 634 теңге, 4 балаға – 70 596 теңге, 5 балаға – 73 117 теңге, 6 бала және одан көп балаға – 75 998 теңге, тұл жетімдерге: 1 балаға – 39 980 теңге, 2 балаға – 71 676 теңге, 3 балаға – 92 207 теңге.

Ал 4 және одан да көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері: 4 балаға – 49 100 теңге, 5 балаға – 61 383 теңге, 6 балаға – 73 666 теңге, 7 балаға – 85 948 теңгені, 8 балаға – 98 16 теңге, 9 балаға – 110 268 теңге, – деп сөзін қорытындылады бөлім басшысы. Қалай еткен күнде де Үкімет еліміздегі осы санатқа жататын адамдарды қолдауды назардан тыс қалдырмай келеді. Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауында да бұл мәселе айқын айтылады. Бұл халқымыздың мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, қамқорсыз қалмайтынын көрсетеді.

 Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале