28.01.2022, 11:10
Оқылды: 53

Тәртіпсіздіктер мен тонау оқиғаларын тергеуге байланысты 68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды

Алматы қаласында 33 сот сарапшысы қаңтар айындағы оқиғалар кезіндегі тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

220128100207758e

Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізіп жатыр. Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты шегінде, қағазбастылыққа салыну және жұмыс мерзімін кешіктіру жағдайлары жоқ. Жалпы, Алматы қаласында 5 бағыт бойынша, атап айтсақ, құрылыс, тауартану, өрт техникалық, баллистикалық және экономикалық.сараптамалар жүргізілуде.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды, олардың көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған.

2021 жылғы 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге жіберіледі. Қалғандары тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылатын болады.

Үкіметтің баспасөз қызметі осындай сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале