30.01.2022, 18:39
Оқылды: 66

Шайбалы хоккейден өткен ішкі біріншілік

Бүгін Казталов ауылындағы Қарасу тоғанындағы мұз айдынында, «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және ауыл тұрғындары арасында шайбалы хоккейден ішкі біріншілік өтті. 

IMG-20220130-WA0023

Қысқы спорт түрінен өткен тартысты додада командалар өзара бақ сынасып, шын мықтыны анықтады.

IMG-20220130-WA0019

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің, ІІ орынды аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, ІІІ орынды шекара қызметкерлерінің командасы иеленді. Сонымен қатар, Ғалымжан Жандықов «Үздік қақпашы», Мейрам Гиляжев «Үздік ойыншы», Ханзада Ерболат «Үздік қорғаушы», Батырбек Наденов «Үздік шабуылшы» аталымына ие болды.

IMG-20220130-WA0021

- Шайбалы хоккейден өтіп жатырған ішкі біріншілік қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту, салауатты қоғам құру жөніндегі идеяларын іс жүзінде асыру, аудан тұрғындарын қысқы спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау, бұқаралық спортты насихаттау, спортшылар арасында іскерлік байланыс пен ойын тәжірибесін нығайту мақсатында ұйымдастырылды, - деді «Айбын» спорт клубының директоры Нұркен Ахметов.

IMG-20220130-WA0020

Жарысқа қатысушылар «Айбын» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале