31.01.2022, 9:10
Оқылды: 42

Эпидахуалды бағалау матрицасы: Шымкент «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220131082546a3892911d

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда облысы.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы. Айта кетейік, кеше, 30 қаңтарда «қызыл» аймақта тұрған Шымкент «сары» аймаққа өтті. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7491 адамды құрады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале