7.02.2022, 11:40
Оқылды: 55

Вакцинаға қарсы шеру: Канада астанасында төтенше жағдай жарияланды

Еуропа мен Канада тұрғындары COVID шараларына қарсы наразылық білдіруде. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап.

220207081111447e

Исанияның Мадрид қаласының көшелеріне жүздеген адам шығып, COVID-ке қарсы саясат пен шектеу шараларына наразылық білдірді. Ел билігі 10 ақпаннан бастап көшеде міндетті түрде маска тағудан бас тартуды жоспарлап отыр, бұл шараны сейсенбіде Министрлер кабинеті бекітуі тиіс. Қазіргі уақытта 12 жастан асқан испандықтардың 90%-ы коронавирусқа қарсы толық екпе алған. Роттердамда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, мыңдаған адам үкіметтің коронавирустың таралуын тоқтату шараларына қарсы демонстрацияға қосылды. Шара бұл шара бейбіт түрде өтті. Ұйымдастырушылар алдағы апталарда бірқатар акция өткізбек.

Ал Оттавада 29 қаңтардан бері канадалық жүк тасымалдаушылар ұйымдастырған вакцинация паспортына қарсы наразылық шаралары өтуде. Канада астанасының билігі мен полициясы бұдан былай жағдайды бақылай алмайтынын және наразылықты тоқтату үшін қосымша ресурстар қажет екенін мойындады. Оттава үкіметі қалада төтенше жағдай жариялады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале