ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады.
Тапсырмаларды орындау шеңберінде ағымдағы жылғы 7 ақпанда «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына өзгерістер енгізілді.
Қағидаға енгізілген өзгерістермен жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақы мөлшерін 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сондай-ақ жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімін тиісінше 12 және 18 айға дейін ұлғайту көзделеді.
Бұл өзгерістер жастардың алған мамандығы бойынша жұмыс орнына сәтті бейімделуіне және бекітілуіне ықпал етеді.
Биыл жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберу, сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жастың қатысуын ұйымдастыру жоспарланып отыр.