Осыған дейін компанияның жылдық табысы 22 миллиард доллар екені хабарланған болатын, бұл 2020 жылдан екі есе көп. Жылдық кіріс екі есе өсіп 81,3 миллиард долларға жетті.
"Pfizer өзінің қаржылық есебінде 2022 жылға қарай COVID-19 вакцинасы мен вирусқа қарсы таблеткаларды сатудан кемінде 54 миллиард доллар пайда күтетінін көрсетті", - деп хабарлады Reuters басылымы.
Қазіргі уақытта компания өкілдері бұл препараттың сатылымы 2022 жылы 22 миллиард доллар болады деп күтеді, ал Уолл-стриттің бағалауы бойынша ол 22,88 миллиард доллар.
"Бұл біз биылғы жылы шығаруға дайындалып жатқан 120 миллион емдеу курсының аз ғана бөлігі екені анық", - деді Бурла.
Компания басшысы АҚШ-та 20 миллион Paxlovid курсын сататынын айтты. Бір курсты шамамен 530 долларға (226 000 теңге) сатады. Pfizer басшылары компания 100-ден астам елмен препарат туралы белсенді келіссөздер жүргізіп жатқанын және қажет болған жағдайда 120 миллион курс шығара алатынын айтты.