11.02.2022, 12:00
Оқылды: 43

БҚО-да 700-ден астам корнавируспен ауырған науқас карантин талабын бұзған

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері «Ashyq» қосымшасы деректері бойынша үйлерінде оқшаулануы тиіс 729 адамның карантин талабын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, олардың 719-ы – «қызыл» мәртебесі бар, яғни коронавирус жұқтырған адамдар. Қалған оны – аурулармен қарым-қатынаста болғандар.

Оның айтуынша, деректерге сәйкес ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға 54 хаттама толтырылып, 2 млн 481 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері 9047 адамның індет жұқтырғаны анықталса, соның 4774-і – ауру белгісі барлар, 4273-і – симптомы жоқтар. 1 ақпаннан бастап 1949 науқас тіркелді.

«Күні бүгін облыста 51 694 адам (37,1 пайыз) ревакцинациядан өтсе, соның 947-сі кеше егілді. Мамандар ревакцинация мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 1 ақпаннан бері мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 300 жолаушының бесеуінен, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 220 жүргізушінің 13-інен індет табылды», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да инфекциялық стационарлар 39,4 пайызға толғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале