turkystan.kz жазуынша жиында Украина шекарасы маңында Ресей әскерінің шоғырлануын талқылауды ұсынып отыр. Бұл туралы осы елдің Cыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.
Оның айтуынша, Киев Мәскеуден Украина аумағына жапсарлас жатқан Ресей аймақтарындағы әскерлердің қозғалысына қатысты түсініктеме беруді сұраған. Бірақ әлі жауап алмаған.
Айта кетсек, Вена құжаты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 2011 жылы қабылданған. Ол осы ұйымға мүше елдер арасында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған.