14.02.2022, 14:39
Оқылды: 53

Батыс Қазақстанда 54 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Батыс Қазақстан облысында 53 635 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211214113158916e

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, осы кезге дейін 269 462 адам (егілуге жататын тұрғындардың 65 пайызы) вакцинаның бірінші, 254 242-сі (61,4 пайызы) екінші компонентін салдырды.

Күні бүгін өңірде 70 833 доза І, 118 233 доза ІІ компонент, 173 доза «Спутник Light» вакцинасы бар.

Облыс бойынша 9 584 адам Pfizer компаниясының вакцинасымен егілсе, соның 346-сы – жүкті, 4 249-ы – бала емізетін әйелдер, 4 989-ы – жасөспірімдер.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 49 271, соның ішінде биыл 9 201 адам коронавирус жұқтырды.

Қазіргі кезде 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 241 науқас емделіп жатса, соның 16-сы жансақтау бөлімшелерінде. 15 адам ауыр, біреуі аса ауыр халде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 4, инвазивті емес осындай құрылғыға 10, оттегі концентраторына 2 науқас қосылған.

Жыл басынан бері 29 науқас коронавирустан көз жұмды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале