15.02.2022, 10:15
Оқылды: 11

Көпсайыста екінші

Жуырда Орал қаласында қысқы президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті. Өңірдің үздік атлеттерінің басы қосылған байрақты бәсекеде Бәйтерек ауданының спортшылары да бой көрсетті. 

IMG-20220213-WA0047

Шаңғы тебу, нысана көздеу, күштік гимнастика сияқты спорттың бірнеше түрін қамтыған көпсайыс жарысы қызықты өтті.

IMG-20220213-WA0045

Биылғы облыс чемпионаты да тартысты өтті. Бірнеше күнге созылған жарыс қорытындысына тек Бөрлі ауданының командасын алға жіберген бәйтеректік спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын Орал қаласының командасына бұйырды.

IMG-20220213-WA0050

IMG-20220213-WA0040

-Ауданда қысқы президенттік көпсайыс спорты жақсы жолға қойылған. Бүгінгі жетістік тынымсыз еңбек пен қажырлы жаттығулардың жемісі. Орын алған спортшылар арасында елішілік додаларда жүлде салып жүргендер де бар. Бұл жеңіс алдағы биік белестердің алғашқы баспалдағы,-дейді «Бәйтерек» спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев.

IMG-20220213-WA0046

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале