17.02.2022, 15:15
Оқылды: 40

Тоқаевтың қаңтар оқиғасы туралы сұхбаты «Еуразия» бірінші арнасында көрсетіледі

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының басында елде орын алған қайғылы оқиғалардың себептері туралы сұхбат береді, деп хабарлайды Zakon.kz. Мемлекет басшысының сұхбаты Еуразия бірінші арнасында сағат 21:40-та көрсетіледі.

58d680a9c1124fb49e9a0ea067bb4d0d

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, сондай-ақ Қазақстанның негізгі сыртқы саясаттағы әріптестерімен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап береді.

Айта кетейік, бұл мемлекет басшысының қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін беретін екінші сұхбаты. Біріншісі 29 қаңтарда «Хабар» және «Хабар24» телеарналарында көрсетілді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы қаңтар оқиғасының себептері мен салдары туралы сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ Президент алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен қарым-қатынастары туралы айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале