Ұлыбритания Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкеріне, оның ішінде Геннадий Тимченкоға қарсы санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters.com сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкерінің кез келген активтеріне және Ұлыбританияға кіруіне тыйым салынатынын айтты.
"Бұл біз жасауға дайын істің алғашқы толқыны, бірінші бөлім", - деді Джонсон.
Джонсонның айтуынша, "Россия", IS Банк, General Банк, Промсвязьбанк және Қара теңіз Банкі санкцияларға ұшырады.
Агенттіктің мәліметінше, санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлердің қатарына ресейлік және фин бизнесмені мен қоғам қайраткері, сондай-ақ Владимир Путиннің "жақын досы және одақтасы" Геннадий Тимченко кірді.