Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.
Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 437,08 теңге, сату - 438,89 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банкте 23 ақпанда доллардың ресми бағамы 433,39 теңгеге тең болып тұр.