23.02.2022, 12:00
Оқылды: 140

Доллар бағамы 437 теңгеден асты

Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.

IMG-20220223-WA0022

Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 437,08 теңге, сату - 438,89 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық банкте 23 ақпанда доллардың ресми бағамы 433,39 теңгеге тең болып тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале