2.03.2022, 15:20
Оқылды: 46

AMANAT партиясының құрамында жастар көп болғаны абзал - Айболат Жәудір

Саяси партия атауының өзгеруі - Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің қалыптасқанын білдіреді. Мұндай пікірді Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Айболат Жәудір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220302140422180e

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптасты. Партия атауының өзгергені дұрыс. Бұл - уақыт пен халық талабы. Себебі, халық тарапынан көптеген ұсыныстар болды. Оны әлеуметтік желіден, баспасөз беттерінен, телеарналардан көріп жүрміз. Қазақта «Аманатқа қиянат жасалмайды» деген жақсы сөз бар. «Amanat» атауының өзі әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Еліміздің әрі қарай дамауына, экономикамыздың жақсаруына ықпал ететін сенімді қадам»,-дейді Айболат Жәудір.

Оның айтуынша, партия халыққа жақын болуы тиіс.

«Партия халыққа жақын болуы керек. Өйткені, олардың мұң-мұқтажы, өтініш-тілегі бар. Мемлекет халыққа қызмет жасайтын құрылым. Халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйым. Осы тұрғыдан алғанда бұл жаңашылдық қажет-ақ»,- деді театр директоры.

Сонымен қатар, ол партия қатарында жастар көбірек болуы керек екенін тілге тиек етті.

«Жаңа атауға ие болған «Amanat» саяси партиясының құрамында жастар көп болғаны абзал. Бүгінгі күні белгіленген басымдықтарға жастар да атсалысуы керек. Біріншіден, олар тәжірибе жинақтайды, екіншіден, алға қойған мақсаттар нәтижелі болады, үшіншіден, елдің дамуына үлес қосады деп есептеймін»,- дейді спикер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале