2.03.2022, 17:20
Оқылды: 6

Жас мамандар жарысты

Таяуда Жаңақала мектеп-гимназиясында, ақын Төлеген Айбергеновтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Жанам деген жүрекке от беремін» тақырыбында жас мамандар арасында шығармашылық байқау өтті. Мақсаты – ақын шығармаларын насихаттай отырып шығармашыл жас мамандарды қолдау.

Жас мамандар жарысты

«Бір тойым болатыны сөзсіз менің...» бағамында қатысушылар ақынның 7 өлеңін жатқа орындады. Нәтижесінде I дәрежелі дипломмен Жаңақала ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Нысанғалиев, II дәрежелі дипломмен Е.Орақбаев ЖОББ мектебінің логопед-дефектологі Ә.Жалғасова, III дәрежелі дипломмен Айдархан ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Жақсылықова мен 3 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Қайырғалиев марапатталды. «Жанына жібер жасампаз жарық нұр беріп» бағамында қатысушылар ақын шығармаларынан иллюстрациялық сурет салып, мағынасын ашты. Қорытындысында I дәрежелі дипломмен Айдархан ЖОББ мектебінің математика пәні мұғалімі А.Ғұбайдуллина, II дәрежелі дипломмен Жаңақала мектеп-гимназиясының дифектолог маманы А.Құрманғазықызы, III дәрежелі дипломмен Д.Нұрпейісова ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Б.Батырашева мен Жаңақала ЖОББМ физика пәні мұғалімі Р.Тұрсынғалиева марапатталды. Байқау барысында ән-күй тыңдалып, ақынның «Өмір жолы» бейнеролигі тамашаланды. Рухани азық болған кеште жас ақындар өз шығармашылығынан да өлеңдер оқыды. Т.Айбергеновтың жалын жырларының өлмейтіндігінің  тағы бір куәсі болдық.

Ботагөз Тілеубаева, 

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале